Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хокинг жер бетінде ақырзаманның қашан орнайтынын айтты

Британиялық ғалым Стивен Хокинг ақырзаманның қашан болатындығына байланысты болжам жасады. Аталмыш мәлімдемені ол Оксфорд пікірталас қауымдастығында студенттермен кездесуінде жария етті.

pic_4a0bb8bccbc37cec3c2afbcf2198bf51

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Әлемге танымал британиялық ғалым жер ядролық соғыс, жасанды интеллект немесе генетикалық вирус әсерінен жойылады деген пікірде. Бұл шамамен мың жыл көлемінде болуы мүмкін екен. Хокинг адамдарды жер бетінен қашуға шақырып, ғарыш кеңістігіне еркін самғайтын технология құрастыру керектігін айтты.

Сонымен қатар, зерттеуші соңғы елу жылдықта ғылымның алға жылжығанын, ал адамгершілік артта қалып бара жатқанын да меңзеді.

Сөз соңында ол тыңдаушыларды еңселерін тік көтеріп, жұлдыздарға қарап талмай еңбектенуге шақырды.

Оқи отырыңыз:

62 жастағы миллионерге тұрмысқа шыққан 27 жастағы модель той суреттерін көрсетті (фото)

Қытайда той қонақтары жас жұбайларды елдің көзінше секспен айналысуға мәжбүрледі (видео)

Ақтөбеде он жастағы қыз үш сіңлісін жалғыз өзі бағып отыр (фото)

Уақыттың кері ауысуына байланысты бірінші туған сәби сыңарынан кіші болып жазылды

Талқылау