Хиджаб киетін қыздар үшін арнайы шампунь шығарылды
Хиджаб киіп жүретін қыздарға арналған ерекше шампунь сатылымға шығарылды.

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.
Шариғат шартын орындап, хиджаб киетін қыз-келіншектердің шаш күтіміне келгенде кәдімгідей қиындық көретіні жасырын емес. Ал, температура тілшігі +30 градустан төмен түсетін кез сирек болатын Индонезия мұсылмандары үшін бұл жағдай тіптен қиын.
Осы қолайсыздықты ескерген Unilever компаниясының жергілікті бөлімшесі Sunsilk маркасындағы шампуньдардың арнайы түрін шығарып отыр.

Айрықша құрамға ие аталмыш шампуньдардың, тіпті, шаш түрлеріне орай бірнеше түрге де бөлінеді.

Бағасы 1,5 доллар тұратын айрықша шампунь басты терлеуден қорғайтын көрінеді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін