Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хайуанаттар бағындағы арыстанның баласы бүлдіршінге шапқан (видео)

Ресейдің Владимир қаласының орталығында Фая атты 6 жастағы арыстанның баласы балаға шауып, қайғылы оқиға бола жаздады. Ол Усмань қаласындағы хайуанаттар бағының абданы болған.

«Арыстанның күшігі балаға ұмтылған кезде анасы қорқып, бірден көмекке ұмтыла алмады. Балаға ешнәрсе болмаған секілді. Бірақ, қатты қорқып қалған. Бұл зообақ бізге үнемі келіп тұрады. Бұл абданды да бақтан үнемі көріп жүреміз», – дейді куәгерлердің бірі.

Оның айтуынша, “Добросельский” бағында бұл абданды ылғи да бостандыққа жіберіп қоятын көрінеді. Балаға шапқанына қатысты полицияға ешқандай арыз-шағым түспеген.

Кейінірек, зообақ басшылығы болған жайтқа қатысты пікір білдірді. Юрий Орловтың айтуынша, арыстан баласы балаға ешқандай қауіп тигізуі мүмкін емес.

«Біз оны күнделікті екі сағат қыдырысқа шығарамыз. Олар адамдарға әбден үйренген. Өткен кеткендер оны суретке түсіріп, қызықтап жатады. Оның сүт тістері түсіп қалған. Ал, азу тістері әлі шыққан жоқ. Ол жай ғана ойнағысы келген», – дейді ол.

Талқылау