Ханзада Уильямның бұрынғы сүйіктісі британиялық “Дауыс” тележобасының қатысушысы атанды

Бейсенбі, 18 Ақпан , 2016 14:16

Британ ханзадасы Уильямның бұрынғы сүйіктісі 31 жастағы Роуз Фаркуар BBC One телеарнасындағы “Дауыс” жаңа шоуының қатысушысы болмақ. Бағдарлама эфирге 20 ақпанда шығады.

328610

Сурет dni.ru сайтынан алынды

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Ол алдын-ала тыңдауға қатысып, Силла Блэктің Anyone Who Had A Heart әнін орындаған.

“Бұл жүз пайыздық менікі болады”, – деп әйгілі британиялық Kaiser Chiefs тобының музыканты Рики Уилсон тәлімгер ретінде Роузға қарата пікір білдіріп те үлгерген. Жобада тәлімгер ретінде әнші Бой Джордж, актриса әрі музыкант Палома Фейт те бой көрсетеді.

“Әлемде адамдардың барлығы бірдей Уилл, Палома, Рики, Бой Джордждарға жақын тұрып ән айту мүмкіндігіне ие бола бермейді”, – депті Фаркуар сахнадан түскен соң. Роуз бен ханзада Уильям арасындағы қарым-қатынасы 2000 жылдардың бас кезінде бастау алған болатын. Олар бала кезден таныс болған. Қазір Роуз Лондонда фермерлік өнімдер шығарумен айналысады.

Ханзада Уильям Артур Филипп Луи — Уэльс ханзадасы Чарльздің және ханшайым Диананың үлкен ұлы. ол Кейт Мидлтонға үйленген. Джордж Александр Луи және Шарлотта Елизавета Диана есімді екі балақайдың әкесі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар