Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кезінде қатты құрметтедім: Әнші Адам Ресейде танымалдыққа ие болған Назиманың өзгеріп кеткенін айтты

Аяқ астынан бағы жанып, бүгінде өз отанында ғана емес, Ресейде де танымалдыққа ие болған Назима өзгерген. Онымен бұрын таныс-біліс болған әнші адам қазіргі таңда Блэк-старлық бикешпен көп араласпайтынын айтты. Себебі онымен жүздесу мүмкін емес көрінеді.

Кезінде қатты құрметтедім: Әнші Адам Ресейде танымалдыққа ие болған Назиманың өзгеріп кеткенін айтты

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Назимамен біз таныспыз. Кезінде «Алтын гелз» тобында ән айтқанда, өзі бөлек айтқанда біз бір-бірімізді таныдық. Сол уақытта қатты құрметтедім Назиманы», – дейді «Adam X» тобының әншісі.

Ресейде өткен «Песни» шоуына қатысып, жұлдызы жанған Назима бүгінгі таңда «Блэк стар» лейблінің белді мүшесіне айналған. Мәскеуде тұрып жатқан әншінің жұмыс кестесі тығыз. Сондықтан онымен жүздесу оңайға соқпайтын көрінеді. Шығармашылығына байланысты Ресей астанасына жиі барып тұратын Адам бұрын Назима екеуі қолы бос кезде жиі кездесіп тұрғанын айтты. Ал қазір әріптестердің қарым-қатынасы әлеуметтік желіден әрі аспайды екен.

«Назимамен көбінесе бір-бірімізге инстаграмда жазамыз да, одан ары бармайды» , – дейді Адам.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау