Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кездесу алдында Жан-Клод Ван Дамм Головкинге келіп сәттілік тіледі

Америкалық танымал актер, режиссер, соғыс көріністерінің шебер қоюшысы Жан-Клод Ван Дамм Геннадий Головкиннің киіну бөлмесіне келіп, Уэйдке қарсы кездесуде сәттілік тіледі.

123

Бұл туралы Вконтактедегі GGG парақшасы хабарлады.

Танымал актер Головкинге арнайы келіп, қолынан алып сәттілік тілеген. Бұл жекпе-жек бүгінгі бокс кешінің басты кездесуі болмақ. Жекпе-жекті “Қазақстан” ұлттық арнасынан тамашалауға болады.

Головкин осы жеңісі арқылы WBA титулын 16-шы рет, IBO белбеуін – 13-ші рет, WBC (Interim) тұжырымында – 4-ші рет, ал
IBF бойынша алғаш рет титул қорғады. Қазақстандық боксшы 35 кездесуінде де түгелдей жеңіске жетіп, оның 31-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

Бұған дейін Головкиннің шаршы алаңға қандай спорттық киімдермен шығатынын хабарлап жазған едік.

Талқылау