Танымал жазушылар қазақтың тойларына реформа жүргізу керек деп есептейді

Дүйсенбі, 11 Сәуір , 2016 22:34

Аста-төк дастарханның шығыны мен ұзаққа созылған тілектерден жалыққан жазушылар қазақтың тойларына реформа жүргізу керек деп есептейді. Оның орнына фуршет типіндегі дастархан мен екі-үш адамға ғана сөз беруді ұсынып отырғандардың бірі  жазушы-журналист Марат Тоқашбаев. Тойдағы тағы қандай дүниелерді өзгертуге болады?

822274afdabc07b23d69296088e51266

Сурет: www.anyzadam.kz 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Той -Тәңірдің несібесі” деп жиған-тергенін қисапсыз тойға шашатын қазекеңе тоқтау салу керек -дейді журналист Марат Тоқашбаев. Оның айтуынша, той белгіленген уақытында басталып, 3 сағаттан аспауы тиіс, қонақтар өзара еркін қауышып, жақынырақ тілдесу үшін тойханада жанға жайлы, жұмсақ музыкалық фон ғана болғаны дұрыс. Сондай-ақ, дастархан басында шегеленгіп отырмай, жасы үлкен меймандардан бөлек қонақтар түрегеп жүріп, фуршеттен дәм татқаны жөн болар еді -дейді журналист.

«Тойға барған адам демалып, көңілі көтеріліп, қуанып, мерейі асып, мейманасы тасып, жақсы көңіл-күймен қайтудың орнына, жаңағы құлақтан ұрған үлкен децибелдердің, тамадалардың әкіреңдеген “іште те іш, ал да алып қой” деген тықпалауларының, дауыстарының арқасында сондай тойдан адам демалып емес, шаршап қайтады», – дейді журналист Марат Тоқашбаев.

Той үстінде қалыңдыққа гүл лақтыртып, ата-анаға торт асату да артық қылық -дейді шығармашылық пен асабалықты қатар алып жүрген Бейбіт Сарыбай. Оның пікірінше дәл осындай салт-дәстүрге қайшы дүниелерден бас тартатын кез жеткен. Құр мақтан мен дарақылықтың, өзінде жоқ болса да, барын салып бар көрсетудің, қарызданып несие алудың еш мәнісі жоқ -дейді ол.

«Ысырапшылдық деген нәрсе бар, жалған намыс бар. Бізде той жасайтын ағайындар бір ғана нәрседен арылу керек – жалған намыстан арылу керек. Ана бәленшенің тойына барған кезде олардың тойында 5 мәшине жүрді, біздікінде 6 мәшине жүрсін деген сияқты. Бәленшенің тойында анандай әртіс келді, біздің тойда әртіс келмесе ыңғайсыз болады дейді», – дейді асаба Бейбіт Сарыбай.

Әрине, тойды әркім өз қалауынша өткізуге құқылы. Дегенмен той заманына лайық сипат алғаны жөн. Бұл мәселеге байыппен қарайтын кез бізге де жеткен сияқты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Нағыз қазақ says:

    Жалпы, дұрыс мәселе қозғалып отыр. Қазақтың бүгінгі тойларынан шаршап қайтатынымыз рас. Қатты айқай-шу, құр даңғаза музыка құлақ тұндырып, жұрттың берекесін кетіреді. Ондайда ішетіндерге жақсы. Тастап алады да, шалқып жүре береді. Ал, тойда шын қуанышымен бөліскісі келіп, бірақ, іше аламайтындарға шынымен қиын-ақ. Осы себепті, Англияда болған бір қазақ отбасының үйлену тойының үлгісін ұсынғым келеді. Бірінші “отырыста” барлық қонақтар (Қазақстан мен ТМД-дан жиналғандар) бірге отырды. Жастар біздегідей төрде, 100-ге жуық меймандар залды қоршай жайғасты. Әке-шешесін қосқанда 5 адам ғана сөйледі. Қалған уақытта тойға келушілердің қатысуымен (ерікті түрде) әр халықтың ән-биі орындалып, шынымен қызықты, шуақты өтті. Негізгі дастарқан үш сағаттай болды. Бұл дастархан мәзірі той иесі есебінен төленді. Ал, екінші бөлімінде үлкендерге (30 адамдай) арнап, осы залдың бір бұрышына шай берілді. Жеңіл шарап қана бар. Әңгімелесіп, танысып, тағы екі сағаттай отырдық. Ал, жастар жағы екінші қабатта дискотекка сияқты ойын-сауығын жалғастырды. Қызық үшін барып қарадым. Аста-төк дастарқан жоқ. Бір шетте ұзыншақ шағын үстел тұр, үстінде жеңіл-желпі сусындар мен тәттілер қойылыпты. Тегін. Ал, күштірек сусынға көңілі соққандар бардан барып, өз ақшаларына сатып алып ішіп жүр екен. Баян тартқан Риганың сарышашынан басқа мас болған адамды көргем жоқ. Өйткені виски, анау-мынау дегендерің удай қымбат. Жалпы, той өте жақсы өтті.

  • Жұмбақ жан says:

    Аркім өзі біледі қалай өткізу керек екенін.

  • Жұмбақ жан says:

    Толық келісемін. Кейбір жаяулар аттыға еремін деп бұттары айрылып жатыр. Сонда да ысырапшылдықты қоймаймыз.

    • Жұмбақ жан says:

      Келісемін.

    • Жұмбақ жан says:

      Ана жолы теледидардан көрдім, бір облыста молда, имамдар жаназаға жайылатын дастарханға қойылатан тамақтың тізімін шектеп, сол тағамдарға ғана рұқсат ететін болғанын. Өте дұрыс. Тойға да солай болғаны жөн. Тойғаныңша ішіп-же, бірақ той иесінің пакет-пакет тамақ алып қайтаруы міндет емес.

  • салта says:

    Келісемін бос шығын одан қалса кредитке кіреді обал

  • Жұмбақ жан says:

    Дурыс айтасыз

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар