"Кесіп өте шығады": 90 жасында көлік тізгіндеген ақтөбелік әже жұртты сүйсіндірді (видео)
Әлеуметтік желідегі zello.aktobe парақшасында 90 жасында көлік тізгіндеп жүрген әженің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
.jpg)
90 жасында көлік айдап жүрген әже қазақстандықтарды сүйсіндірді.
"Әжеге ұзақ ғұмыр берсін. 90 жасында көлік тізгіндеп жүр. Өзі ақкөңіл және әрдайым жүзі жадырап жүреді", - деп жазылған видеоның тұсында.
Ал желі қолданушылары өз кезегінде бұл әжені танитынын және көрген кезде қуанып қалатынын жазып жатыр.
"Бұл әже мықты. Өзен жақта тұрады. Қала сыртындағы үйге барған сайын көреміз. Алдыңнан кесіп өте шығады", "Мен 90 жасымда өз аяғыммен жүре алсам да ризамын", "Иә, әже мықты. Бірақ мұндай жаста көлік айдаған қауіпті сияқты", "Бір де бір рет айыппұл салынбаған екен. Жол полициясы мұндайларды марапаттауы тиіс" деп жазады желідегілер.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"