КешYou тобының жаңа бейнебаяны плагиат болып шықты (видео)
КешYou тобы квартет болып қайта құрылып, алғашқы бейнебаяндарын жарыққа шығарғалы бері тыңдармандардың талқысына ұшырады. Көпшілік жаңа құрамды экс-солистермен салыстыруды доғарар емес.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Елдің сынына қарамастан топ продюсері Баян Есентаева жаңа құрамды үздік санайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, су жаңа бейнебаянды небәрі бір күнде 200 мыңнан аса тыңдарманның тамашалағанын айтып мақтанды. Продюсердің айтуынша, бұған дейін фанаттардың қызығушылығы мұндай жоғары деңгейде болған емес.
Ал тыңдармандар КешYou тобының жаңа әнінің шетелдік әнге қатты ұқсайтынын байқап қалды. Енді олар КешYou тобын Арианна Грандеден ән ұрлады деп айыптап жатыр. Ал шетелдік әнге қатты ұқсап кеткен қазақ әнінің авторы – жас сазгер Шоқан Уәлихан.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымжан Молданазардың жаңа бейнебаяны адамдардың жүрегін елжіретті (видео)
Танымал француз телеарнасы Димаштың таңғажайып өнері туралы репортаж жасады (видео)
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты