«КешYOU» тобының экс солисі Айдана Меденова сахнаға қайта оралды
Күні кеше өнерден алыстап, болашағын отбасымен, сәнгерлікпен байланыстырған Айдана Меденова сахнаға қайта оралды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Өткен аптада тыңдармандарына “Тыңда” әтті туындысын ұсынған әнші “Менімен биле” атты әніне бейнебаян түсіріп жатыр екен. Бұл туралы өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.

Әншінің айтуынша, жаңа бейнебаянда аты айтып тұрғандай би көп болады.


Аталған әннің әуені мен сөзін Бауыржан Бимаханов жазған екен. Әнші композитормен бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Түсірілім алдағы екі-үш аптада аяқталады деп күтілуде.
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Айдана Меденованың жүкті кезіндегі суреттерімен бөліскені туралы жазған болатынбыз.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан