КешYou тобы тыңдармандарын қызықтырып қойды
7-8 мәрте құрамын ауыстырған КешYou тобын тағы өзгеріс күтіп тұр. Атышулы қыздар тобынан “эщкере” деп тыңдармандарға хайп сыйламақ болған Элизат Берікова кетті. Баян Алагөзова сіңлісімен бірге Элизаттың орнын басатын аруды да тапқан, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін Элизаттың орнына Жұлдыз Өмірғалидің топта уақытша өнер көрсетіп жүргені белгілі болған еді. Жұлдыз экс-ұстаздарын тығырықтан шығару үшін алдын ала келісіліп қойған кештерге қатысып берген. Алайда КешYou-де отбасылы қыздардың ән салмайтыны о бастан белгілі.
Сонымен үштіктің құрамы кіммен толықты? Бұл сұрақтың жауабын әзірге Баян Алагөзова да, оның қарамағындағы қыздар да бермеді. Есесіне КешYou тобының парақшасында жаңа құрамның суреті пайда болды. Алайда жаңадан келген қыз теріс қарап түскендіктен, тыңдармандар оның кім екенін біле алмады.
Ұзынқұлақтан естуімізше, КешYou-ге қабылданған кезекті арудың есімі – Ақбота. Анық-қанығын жақында білетін боламыз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады