КешYou-дің бұрынғы әншісі кезінде топ қыздарына ұятсыз ұсыныстар түскенін айтты

Сәрсенбі, 1 Қараша , 2017 15:24

Байқасаңыздар, өнерде жүрген ер азаматтар қыздарының әнші болғанын қаламайды. Оған әртіс арулар туралы жағымсыз пікірлер себеп. Жұлдыздай жарқырап, сырт көзге мінсіз көрінетін аруларға анайы ұсыныстар жиі түседі. Бұл туралы әнші қыздар ауыз ашпаса да, оларды жақын танитын жандар айтып та жүр, деп жазады Stan.kz.

Мәселен, елімізге белгілі КешYou тобының сылқымдарына да әдепсіз ұсыныс жасаған азаматтар көп болған. Бұл туралы топтың экс-солисі Әнел Әрінова НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына айтып берді.

“Бұл шоу-бизнес, бұл қыздар тобы, себебі біз сахнада жарқ-жұрқ етіп жүреміз, ондай қыздарды кім қаламасын? Әдемі қызды, сымбатты денені, әдемі би мен жарқыраған киімді көргенде есі кететін адамдар көп. Ұсыныстар түскенін жасырмаймын”, – дейді Әрінова.

Алайда әнші естіген жанды шошытатын ұсыныстың кімнен түскенін айтпады. Ол ұятсыз ұсыныс иелерін күлімсіреп қана кері қайтарғанын атап өтті.

Әнелдің бұл сөзін актриса Айнұр Ілиясова да растап отыр.

“Әрине, қырындап, неше түрлі ұсыныс жасайды. Бірақ ол тек әртістерде емес, барлық жерде бар. Барлығы өзіңнің беретін жауабыңа байланысты. Жауап берсең, әрі қарай ара-қатынасты өрбітесің, жауап бермесең – сені ешкім де қинамайды”, – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз:

КешYou тобының ұлттық нақыштағы бейнебаяны сынға ұшырады (видео)

Мінсіз отбасы: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі мен ата-енесін мақтап әлек (фото)

Ғаділбек Жаңайдың ғашықтарға арнаған бейнебаяны көптің жүрегін елжіретті (видео)

Мөлдір Әуелбекова: Қазақ эстрадасында тойға шықпайтын әнші жоқ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар