Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Кешіріңіздерші: Аурухананы тонап кеткен ұрылар хат жазып қалдырған
Якутияда үш ұры ауылдық ауруханадағы ақша мен медициналық құрылғыларды ұрлап кетіп, хат жазып қалдырған, деп хабарлайды Саха республикасының прокуратурасына сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға биылғы жылдың шілде айында орын алған. Харыялахтегі ауруханадан ақша, тонометрлер мен компьютердің жүйелі блогы ұрланған.
Сонымен қатар ұрырлардың бірі «Кешіріңіздерші, өтінемін» деген мәтінмен хат жазып қалдырған.
Мұнан кейін ұрылар дүкенді тонаған. Артынша олар тұтқындалды.
Анықталғандай, олардың бірі бұған дейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған екен. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның жанындағы екі серігі 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, әрқайсына 2 жыл сынақ мерзімі берілді.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген