«Кеш you» солисі әншілікті тастап, актрисалыққа бет бұратынын айтты

Сейсенбі, 22 Қараша , 2016 15:48

«Гламур для дур» фильмінде басты рөлді сомдаған Ақбота Сейтмағамбет біржола актрисалыққа кетуі мүмкін екенін айтты. «Кеш you» солисі ән айтқаннан қарағанда біреудің образына енгенді ұнатып қалған.

акботанур_1

Бұл туралы Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасында айтылды.

Фильм режиссері Асқар Ұзабаев өткен жылдың көктем айларында «Кеш you» тобының орындауындағы «Туған жер – тағдырым» атты бейнебаянын түсірген болатын. Түсірілім жұмыстары барысында танымал режиссер алдағы жоспарларымен бөлісіп, «Кеш you» тобының үш бірдей аруын кастингке шақырыпты. Продюсер Баян Есентаева өз рұқсатын берген соң қыздар іріктеуге қатысуға бел буса керек-ті. Ақырында жүздеген актрисаның ішінен басты рөлге Ақбота таңдалынып алынған.

«Ән айтудан қарағанда актриса болған қатты ұнады. Жалпы болашақта актрисалыққа кетемін-ау деп ойлап отырмын. Кастинг өте қиын болды. Түрлі талантты актрисалардың ішінен мені таңдап алады деп ойлаған жоқпын», – деп атап өтті Ақбота.

Фильмде Ақбота орысша білмейтін, ауылдан қалаға келген бойжеткеннің рөлін сомдайды. Бұл туралы ол:

«Мен мектепте де, колледжде де қазақ тілінде оқыдым. Қазақы отбасында тәрбиелендім. Соңғы 4 жылда ғана Алматыға келгелі орыс тілін үйреніп жүрмін. Бірақ әлі де акцентпен сөйлеймін. Ал бұл фильмде ол акцентімді өзімдікінен де қаттырақ байқатуым керек болды. Асқар Ұзабаевтан алғашқыда қорқып жүрдім. Бірдеңе сұрайтын болсам Дәурен Айдарқұлов арқылы жеткізетінмін. Шамамен 10 күннен кейін ол кісі қолдауын көрсетіп, өз қарындасы ретінде қарай бастады. Ақыл-кеңестерін аямады. Өйткені менің әлі білетінімнен білмейтінім көп. Тек әнші ретінде сахнада ән айтқанымызға мәзбіз. Актрисалардың өмірі мүлдем бөлек деп үйретті», – деп пікір білдірді Ақбота.

Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Мүкей бала көтере алмай ЭКО жасатқанын айтты

Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді

Роза Рымбаева соңғы 25 жылда барлық туысқанын қалаға көшіріп, жұмысқа орналастырған

Орта Азияның ең сұлу моделі атанған 27 жастағы ана бес баласын жалғыз асырап отыр

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар