Керімбекова: Екі үй саламын деп киім де алмай, жылаған күндерім болды

Дүйсенбі, 25 Сәуір , 2016 11:04

Ақбота Керімбекова қазақ эстрадасындағы өзіндік орны әлдеқашан қалыптасып үлгерген әнші. Ол – лиризимге толы тамаша даусымен көрермендер жүрегін жаулаған тұлға. Әнші “Жансырым” бағдарламасында екі үй саламын деп қатты қиналғанын, балаларын тек туған інісіндей көретінін айтты.

0a0c3RS54GgxXR5AYijRWKdFkr6Sm5

Фото: yvision.kz

Кішкентайынан допқа құмар болып өскен Ақбота осы күнде бильярд спортын жақсы көреді. Аталған спорт түрімен мінезінде ұқсастық бар. Өйткені бильярд ойыны адамнан шыдамдылық пен дәлдікті қажетсінеді.

“Әр адамның өзі жақсы көретін ісі болуы керек қой. Осыдан он жыл бұрын бильярдқа деген қызығушылығым пайда болды. Өзім үшін де, денсаулығым үшін де өте пайдалы. Бір партияның өзінде қаншама жүру бар. Бүкіл проблемаңды ұмытасың”, – деп әнші аталған спорт түрінің күйзелістен арылуға көмектесетіндігін тілге тиек етті.

Тыңдармандары әншінің актриса мамандығы бойынша білім алғанын біле бермейді. Оның әншілік жолына түсуіне анасы септігін тигізген. Бірақ кейде театрға барып рөл сомдағысы келетінін жасырмайды.

10499126_334368026758914_1863509967_n

Фото: app/users/ig-637411291/botakerim/photos

Мінезі үш түрлі балаларын анасы баққан. Олар әншіні ана деместен, қалжыңдап “братан” деп атайды екен.

“Баланы дүниеге әкелгенім болмаса, балаларға қарап, олардың тәрбиесімен айналысатындай жағдайым болмады. Анам тәрбиеледі балаларымды, сондықтан ол кісіге айтар алғысым шексіз. Жұлдыз баласымын дегендей бойларында өркөкіректік жоқ. Оларды өзім өсірмегендіктен болар, екі ұлым мені “братан” деп атайды. Ал мен оларды “братишка” деп қалжыңдасамыз”, – дейді әнші.

17 жастағы үлкен ұлы Қытай мемлекетінде білім алып жатыр. 15 жастағы екінші ұлы биыл сегізінші сыныпты тәмамдағалы отыр. Ал үйдің еркесі Димаш 9 жаста.

Әнші осы уақытқа дейін бар-жиған тергенін салып, екі үй тұрғызған. Біріншісін анасына, екіншісін өзіне арнап салған екен.

10616380_1473156666287806_1918184011_n

“Бір емес, екі үй салдым. Енді балаларым үшінші үйді өздері салатындығын айтып жатыр. Армандарына жетсін. Оңай болмады. Қатты қиналып, жылаған күндерім де болды. Зәулім сарай болмаса да, балаларым ел қатарлы өмір сүрсе екен дедім. Киім алмай, бар тапқанымды осы үйге жұмсадым”, – деп әнші үй саламын деп арықтағанын айтады.

Жеке өмірінде көп сәтсіздікке ұрынған әнші отбасын құруға асықпайды. Десе де, өзіне ұсыныс жасайтын ер-азаматтардың көп екенін жасырмайды. 2016 жылы өнерде жүргеніне 20 жыл толуына орай есеп беру кешін өткізбек ниетте.


Оқи отырыңыз:

Ақбота Керімбекова “тойшыл” әріптестерін сынады

Сұлулығын қолдан жасап алған қазақстандық танымал адамдар

Сахнаға “ашық” киіммен шығатын әріптестерін әншілердің өздері сынады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар