Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек: Мен Музартқа “дайын асқа тік қасық” болып келген жоқпын

Кенжебек Жанәбілов өзінің өнерлі екенін дәлелдеу мақсатында жеке ән кешін өткізбек.

image-86

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Биыл “Музарт” тобы өздерінің 15 жылдық мерейтойларына арнап концерт берді. Аталған концертке топтың бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаев та шақыртылды. Осы кезде әлеуметтік желілерде Кенжебек Жанәбіловке бағытталған түрлі жағымсыз пікірлер жазылды. Осыған орай, әнші өзінің өнерлі екенін дәлелдеу мақсатында жеке ән кешін өткізбек.

“Сөздің шыны керек, мен Музарт тобына алғаш келген кезде көбісі “дайын асқа тік қасық болып келді” деп біраз адамдар өзінің пікірін айтты. “Керемет топқа қалай келе салды?” деп таңқалып жатты. Одан кейін де беріректе Музартlife-та да маған біраз пікірлер айтылды. Ол жерде мен халыққа ұнайтын 4-5 әншіні шығарып жібердім.  Әлеуметтік желілерде “өнері жоқ”, “өзіңнің даусың жетісіп тұр ма”, “түрің жетісіп тұр ма” деген көптеген пікірлер болды. Өнерімді дәлелдеу үшін жеке шығармашылық кеш беруім керек деп ойлаймын. Мейрамбек аға мен Сәкен ағалар мені бекер ала салған жоқ қой. Даусыма, бойыма, түрі ме, өнеріме қарады. Олар кез келген әншіні ала салмайтыны анық”, – дейді Кенжебек.

Сәкен Майғазиев Мақсат Базарбаев жеке ән кешін бермейінше Кенжебекке рұқсат жоқ екенін айтып қалған-ды. Алайда Кенжебек мырза концертті ешкімнің пікіріне қарамастан, ағымдағы жылдың мамыр айында беретіндігін айтып жатыр.

“Әрине, рұқсат сұраймын. Бірақ Мақсат аға бермеді екен деп те жүре бермеймін. Концертті кімнің қай кезде беретінін әркімнің жұмысына байланысты деп ойлаймын. Оның үстіне қасымдағы азаматтар қолқа салды. Ал мен оларға кез келген уақытта өнерлі екенімді дәлелдеуге дайын екенімді жеткіздім”, – дейді Кенжебек.


Жіберіп алмаңыз:

Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Ұлына жеті атасын жаттатқан Дастан Оразбековке көпшілік риза болды (видео)

Әйкерім Қалаубаева қызына дәл өзінікіндей он түрлі көйлек кигізді (фото)

Қайрат Нұртастың анасы Таиландта қолтырауынның етін жеп қоя жаздаған (фото, видео)

Талқылау