Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кемтар қолымен аспапта шебер ойнайтын музыканттың таңқаларлық тағдыры (видео)

Аргентиналық музыкант физикалық кемшілігін жеңіп, әлеуметтік желілерде кең танылды. Сөйтіп, өз үлгісімен дүниежүзіндегі барша мүгедек жандарға рух беруде.

aw48
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Аргентиналық музыкант Эдуардо Пандольфо оң қолының туа бітті кемдігіне қарамастан, толыққанды басист атанды. Оның Youtube-тағы бейнежазбаларын күн сайын мыңдаған адамдар тамашалайды. Алайда Эдуардоға қиын тиетіні физикалық кемшілігімен күресу емес, айналасындағы өзге адамдардың ала көзіне қарсы тұру деп хабарлайды.

Пандольфо 60 жыл бұрын “талидомид апаты” өршіп тұрған кезде дүниеге келді. Бұл кезеңде, яғни 1957 мен 1963 жылдар аралығында көптеген әйелдер жүктіліктің бастапқы кезінде жүрек айнуын басу үшін талидомид қабылдаған. Бұл дәріні қолдану салдарынан, дүние жүзіндегі мыңдаған балалар кемтар болып туылды. Пандольфо фокомелия туа бітті сырқатына шалдыққан, яғни  оң қолы толық жетілмеген. Эдуардо кішкентай күнінен музыкаға құмар болыпты. Ол ән айтып, саусақты қажет етпейтін ауыз сырнайда ойнап үйренген. Бірақ 17 жасында алғаш рет қолына бас-гитараны алып, содан бері тастамай келе жатыр екен.

Жіберіп алмаңыз:

Инесі түгелі түсіп қалған кірпі көпшіліктің назарын аударды (фото, видео)

Әсем әнді еріксіз “күле” тыңдап ұйықтап кете берген бүлдіршін елді күлкіге қарық қылды (видео)

Жастардың ортасында бөксесімен эротикалық би билеген бойжеткен елді шошытты (видео)

Басына үлкен мүйіз шыққан әжейге дәрігерлер де көмектесуге қауқарсыз (видео)

Талқылау