Балалар көз жұмды: Кемеровода қаза тапқандар саны 64-ке жетті
Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда ойын-сауық орталығынан шыққан өрттен көз жұмғандар саны 64 адамға жетті.
Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Владимир Пучков мәлімдеді. 64 адамның 15-інің кім екені анықталды.
“64 құрбандардың нақты саны”, – деді Пучков.
Өрт жексенбі күні күндіз басталған. Жалын балалар ойыншығы тұрған жоғарғы қабаттан басталды. Жоғарғы қабатта балаларға арналған аттракцион мен кинотеатр болған, деп хабарлайды Stan.kz.
Қайғылы оқиға үш бап бойынша тексеріледі. Сауда орталығында тұтанған өрттің себептерін анықтау кезінде төрт адам ұсталды. Оның ішінде басқарушы компанияның меңгерушісі және өрт тұтанған бөлікті жалға алушы бар.
Жіберіп алмаңыз:
Дәмхана иелері лағман мен самсаны есек етінен жасап келген
Күйеуі қызғаныштан әйелінің саусақтарын кесіп тастаған (фото)
Солтүстік ақ мүйізтұмсықтың соңғы аталығы өлді
Аурухананың алдына келіп жатып алған алып қолтырауын жұртты шошытты