Келін телехикаясындағы Анандидың Қазақстанға келген себебі белгілі болды (фото)
Елімізде бес жылдан бері көрсетіліп келе жатқан «Келін» сериалындағы Авика Гор (Ананди) Алматыға келді. Оны Үнді жігіті басқаратын «Трипач» косметикалық компаниясы арнайы шақыртыпты. Себебі, Авика Гор сусабын өндіретін компанияның бет бейнесі көрінеді.
Актрисамен кездесуге Stan.kz сайтының тілшісі де барған еді. Аталмыш компания басшысына Авика Горды Қазақстанға алдыру туралы ұсынысты тұтынушылар айтыпты.
Сондықтан да, компанияның жаңа кеңсесінің тұсау кесеріне орай актриса Алматыға келген.
Кездесу барысында сериалдың саунтрегін Авика Гор халыққа өзі орындап берді. Отандық дизайнерлер әдеттегідей қонақтың басына сәукеле кигізіп, үстіне қазақтың ұлттық камзолын жапты.
Ол да Авиканың армандарының бірі екен. Кинодағы сүйікті Анандиін көрген жұрт сұрақты үйіп төкті. Оның басым бөлігі «Келін» сериалына қатысты, әрине.
Тұрақты көрерменнің «Келін сериалы қашан аяқталады?» деген сауалына да актрисаның өзі жауап берді.
«Бұл сериалға мен 10 жасымда түстім. Қазір 20 жастамын. Үнді елінде осыдан екі жыл бұрын аяқталды. Демек сіздер де тағы екі жыл көрсетіледі»,- деп жауап берді Авика Гор.
Ал, «соңы немен бітеді» дегенге енді Анандидің қызық Нандинидің өмірі басталады деп жауап қатты.
Актриса өзін қуана күтіп алып, таныс адамындай сұрасқан алматылықтарға арнай Үндістаннан сыйлықтар алып келіпті. Актриса, кездесу соңында Қазақстандағы көрермендеріне сыйлықтарын өз қолымен үлестіріп шықты.
Оқи отырыңыз:
“Келін” телехикаясындағы Ананди қазақстандық телехикаяға түсті (фото, видео)
Ананди тағы да Қазақстанға келетін болды
Әйел эфир кезінде Тәуекел Мүсілімнің алдында босана жаздады
Қайрат Нұртас концертінде тыңдарманының ернінен сүйіп алды
Асхат Тарғын екінші рет үйленетін болды
Тоқтар кезінде Бейбітке көзі түскен белді тұлғалар туралы бар шындықтың бетін ашты