Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келімбетов зейнетақы қорындағы “ақшаның қайда жатқанын көрсетуді” ұсынды

Келімбетовтың пікірінше, құрылымдар мен халық арасындағы өзара байланыс жолға қойылмағандықтан, зейнетақы қаражатына қатысты алаңдаушылық туындайды.

10068838

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Астана” халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тексеру жүргізуді ұсынды. Бұл ұсынысты БЖЗҚ директорлар кеңесінің мүшесі қызметін қатар атқарып жүрген Келімбетов “Қаржы бостандығы” ҚҚ қамқоршылық кеңесінің басшысы Ботагөз Жұманова және саясаттанушы Досым Сәтпаевпен әңгіме барысында жасады.

“Сұрақтарыңыз болса, тексеру жүргізіп, ақшаның қайда жатқанын баршаға көрсетейік. Осының бәрін өз көздеріңізбен көріп, білгілеріңіз келсе, БЖЗҚ сайтында бәрі бар. Бұл ақшаңыздың қайда жатқаны туралы идеологиялық-насихаттаушы науқан. Қаражатыңыз орнында. Көңілдегі кірбің кетіп, қоғамдық және мемлекеттік қадағалау бойынша жұмысын жалғастырып жатқан құрылымдарға сенім мен қолдау қалыптасуы тиіс”, — деді Қайрат Келімбетов.

Оның пікірінше, бұл жерде мәселе асыра пайдаланушылықта емес, өзара байланыстың аздығында. “Девальвация кезінде Ұлттық банкте, қазіргі таңда БЖЗҚ-да көптеген ағаттығымыз бар. Ең басты қате — коммуникацияда. Негізінде, ахуал айтарлықтай жаман емес. Бүгін де ақша инвестицияланған”, — деп атап өтті ол.

Тағы да оқыңыз:

Астана көшесінде жабынған әйелдер бір-бірімен төбелесті (видео)

Еліміздегі өнерімен көзге түскен шенеуніктер кімдер?

Алматыда әпкесі мен анасының ұратынын айтқан 9 жасар қыз көлік астына түспек болды

Талқылау