Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазсушар» бөлімшесінің басшысы: Судың келуін иіскеп біле алмаймыз

«Қазсушар» РМК Ақтөбе бөлімшесі үш күнде тасып кеткен судың болжамын дұрыс жасамаған «Қазгидромед» РМК-ға өкпелі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170416145939

Ақтөбе қаласы маңындағы үш су қоймасы толып, қазір келген су өзендерге ағызылып жатыр. Судың тасуы мұншалықты көп болатынын жауапты мамандар да болжай алмаған. Соның салдарынан қазір су қоймаларына келіп жатқан судың бәрі ағызылып жатыр. Себебі, қойманың бәрі толып тұр.

«11 сәуірден бастап Ақтөбе облысына көлемі 500 миллион текше метр су келді. Су Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймасын толтырды. Қазір келген судың бәрін төмен қарай тастап жатырмыз. Дағдарыс өтті, дегенмен судың келуі тоқтаған жоқ. Біз әрбір екі сағат сайын қарап, бақылап отырмыз», – деді  «Қазсушар» РМК Ақтөбе бөлімшесінің басшысы Бекзат Наметов.

«Қазір 500 миллион текше метр су келіп тұр. 1 мамырға дейін тағы 200 миллион текше метр су келеді. Көпшілік «неге алдын ала жібермедіңдер» деп сұрайды. Су тасқыны басталар алдында Ақтөбе су қоймасында 68 пайыз, Қаралы су қоймасында 57 пайыз қор болды. «Қазгидромед» РМК 120-240 миллион текше метр су келеді деп болжам айтты. Әдетте ақпараттың 80 пайызы дәл келетін еді. Бірақ су үш күнде лық ете қалды. Өз кінәмізді біреуге итеріп салмаймыз. Шешімін таппаған мәселе де бар. Мәселен, гидробекеттің санын 95-тен 25-ке дейін азайтты. Бәрін қайта орнына келтіру керек. Олар Су ресурстары комитетіне қарады, «Қазгидромет» Қоршаған ортаны қорғау басқармасында болды. Ал бізді Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберді де сонында тарап кеттік. Бәрі қосылмаса, болмайды. Біз өз еркімізбен алдын-ала болжай алмаймыз. Оны «Қазгидромет» пен гидробекет қарамағанда қайдан білеміз? Иіскеп білеміз бе?»,- деді Бекзат Наметов.

Маманның айтуынша, су арнасындағы жер бос жатуы тиіс. Сол кезде су өз жолымен ағады.

Тағы да оқыңыз: 

Әкім Сапарбаев резеңке етікпен су басқан ауылдарды шолып шықты (фото)

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

8 жасар қызды педофилден арашалап қалған мектеп оқушысына оқу гранты берілді

Талқылау