Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың хит әнін шырқаған шетелдік отбасы жұртты тәнті етті (видео)

Желіде тойларда хитке айналған «Шудың бойында» әнін орындаған шетелдік отбасының видеосы тарап кетті, деп жазады Stan.kz.

Қазақтың хит әнін шырқаған шетелдік отбасы жұртты тәнті етті (видео)

Көлікте отырған отағасы әйелі және бір ұл, бір қызымен бірге Ақан Отыншиевтың орындауындағы көңілді әнді шырқауда. Тіпті, әуеннен қалмай, қосыла шырқап отырған отбасы әннің сөзін жаттап алған.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары қазақша әнді орындаған шетелдіктерге тәнті болды.

«Тамаша орындады», «Өнер ұлтқа қарамайды», «Осындай бауырлардан айналып кетпейсің бе», «Керемет, отбасымен қазақтарды құрметтейтіні көрініп тұр», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау