Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтар туралы фильм түсіріп жүрген танымал қазақ режиссері Иранда қамауға алынды (фото)

Қазақстандық деректі фильмдер режиссері, сценарийші әрі оператор Қанат Бейсекеев Иранда қамауға алынды. Бұл туралы оның PR-маманы Әлішер Елікбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақтар туралы фильм түсіріп жүрген танымал қазақ режиссері Иранда қамауға алынды (фото)

«Иран полициясы Қанат Бейсекеевті қамауға алды», – дейді Елікбев.

Сонымен қатар ол режиссердің түсірілім жұмыстарына қажет құрылғылары тәркіленгенін айтты.

Бейсекеевтің желідегі парақшасына қарағанда, ол Иранда қазақтар туралы деректі фильм түсіріп жүрген.

 

Gorgan, Iran Day 2

Публикация от kana (@beisekeyev)

Бұған дейін режиссер осы мақсатта Моңғолияда, Өзбекстанда болған еді.

 

True Mongolian Kazakh #pentax6x7 #kanafilmphoto

Публикация от kana (@beisekeyev)

Айта кетсек, Қанат Бейсекеев – деректі фильмдер түсіретін қазақстандық режиссер, сценарийші, оператор. Оның туындыларының қатарында америкалықтар асырап алған қазақстандық балалар туралы «Бала», аяғынан айырылған қазақстандық биші турал «Билегім келеді» фильмдері бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау