Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақтар туралы фильм түсіріп жүрген танымал қазақ режиссері Иранда қамауға алынды (фото)
Қазақстандық деректі фильмдер режиссері, сценарийші әрі оператор Қанат Бейсекеев Иранда қамауға алынды. Бұл туралы оның PR-маманы Әлішер Елікбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
«Иран полициясы Қанат Бейсекеевті қамауға алды», – дейді Елікбев.
Сонымен қатар ол режиссердің түсірілім жұмыстарына қажет құрылғылары тәркіленгенін айтты.
Бейсекеевтің желідегі парақшасына қарағанда, ол Иранда қазақтар туралы деректі фильм түсіріп жүрген.
Бұған дейін режиссер осы мақсатта Моңғолияда, Өзбекстанда болған еді.
Айта кетсек, Қанат Бейсекеев – деректі фильмдер түсіретін қазақстандық режиссер, сценарийші, оператор. Оның туындыларының қатарында америкалықтар асырап алған қазақстандық балалар туралы «Бала», аяғынан айырылған қазақстандық биші турал «Билегім келеді» фильмдері бар.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”