Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы қарызы 7 ай қатарынан тоқтаусыз өсіп келеді

Қазақстанның сыртқы қарызы 2017 жылдың шілде айының 1-і күнгі мәліметі бойынша 167,8903 миллиард долларға жеткен. Бұл деректі ҚР Ұлттық Банкі келтіріп отыр.

Осы қаражаттағы мемлекетік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз 13,9576 миллиард долларды құрайды. Яғни, еліміздің сыртқы қарызының 8,3 пайызы. Осы соманың мемлекеттің сыртқы қарызы – 13,241 миллиард доллар.

Бір айта кетерлігі, 2017 жылдың сәуір айындағы көрсеткішпен салыстырғанда мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз біршама кеміген. Аталған уақытта бұл қарыз көрсеткіші 14,1139 миллиард доллар болатын.

Ал 2017 жылдың қаңтар айының 1-і күнгі мәлімет бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 163,715 миллиард доллар болатын.

Тағы да оқыңыз:

Сот бизнесмен Қайрат Жамалиевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті

Жезқазғанда күйеужігіт балконға шыққан қалыңдығын кранмен «алып қашты» (видео)

ҰҚК экс-басшысының ағасы қамауға алынды

Талқылау