Қазақстанның кей өңірінде қар жауады
«Қазгидромет» РММ 2016 жылдың 6-8 қазанына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның солтүстігіне жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.
«Алдағы үш тәулікте атмосфералық ағымдар Орал аймағынан Қазақстанның солтүстігі арқылы өтеді. Сол себепті, жаңбыр жауып, жаңбыр соңы түнде қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы әдеттегіден төмендейді», – деді синоптиктер.
Республиканың оңтүстік бөлігіне жоғары атмосфералық қысым әсер етеді. Сондықтан жылы әрі бұлтсыз ауа райы күтілуде. Ауа температурасы әдеттегіден 2-5ºС жоғары болмақ.
Талқылау

Түнгі ауысымдағы жұмыс: Қызметкерлерге еңбекақы қалай төленуі керек және қандай құқықтары бар
Ауысым арасында демалыс ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауы қажет

"Артында төрт баласы қалды": Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр
Қаңтар құрбанының жұбайы енді әкімдіктердің табалдырығын тоздырып жүр