Қазақстанның қай өңірінде дәрігерлердің жалақысы жоғары екені анықталды

Сегіз өңірде дәрігерлердің және басқа медициналық қызметкерлердің жылдық жалақыларының төмен екені анықталды. Медициналық қызметтер бір жылдың ішінде 8%-ға  қымбаттады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтердің жалақысы кем дегенде  1% -ға көтерілді. Ал оларға жүгінетіндер саны 6% -ға төмендеді.

Бұл туралы ranking.kz.-ке сілтеп,  Stan.kz хабарлайды.

Өткен жылдың соңғы тоқсанында денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 116,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық.

Инфляцияны есепке ала отырып, сектордағы жалақыны сатып алу қабілеттілігі 6,3% -ға төмендеді.

Ең жоғары жалақы Астана қаласында (179,9 мың теңге, жылына 1,5%), Алматы қаласында (137,8 мың теңге, + 1,6%), Атырау облысында (129,6 мың теңге) теңге, -1,9%).

Жалпы, дәрігерлердің және басқа да медициналық қызметкерлердің жалақыларының жылдық төмендеуі 8 өңірде тіркелді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер секторындағы орташа айлық жалақы 109,1 мың теңгені құрады. Ол 2016 жылға қарағанда 2,9% -ға көп.

Ең төменгі жалақы тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсетуде – 76 мың теңге, ол жылына + 0,4% -ды құрады. Ал бұл қызметтерді пайдалану 6,5%-ға төмендеді.

Жалпы алғанда, республикада орташа жалақы төртінші тоқсанда 163,7 мың теңгені құрады.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев латын әліпбиіндегі и, й әріптерімен айналысуды тапсырды 

Елбасы: Қуандық Бишімбаевты қатты аяймын 

Елбасы Қаржы министріне: Бұл екінші ескерту, үшіншісі соңғы болуы мүмкін 

Назарбаев Ақышевқа: Не рақмет? Сен мұны баяғыда істеуің керек еді 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар