Қазақстанның ең үздік перзентханалары анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі ең үздік перзентханалардың тізімін жариялады. Министрлік рейтингті жасау барысында өткен жылғы ішкі және сыртқы аудит көрсеткіштерін саралап, одан бөлек науқастардың пікіріне жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Өкінішке қарай, еліміздегі бірде-бір перзентхана мен перинаталдық орталық ең жоғарғы рейтинг ала алмаған.
Олардың ішінде небәрі алты ұйымға клиникалық көрсеткіштері бойынша 5 жұлдыз берілген. Олардың қатарында: «Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының Қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық перзентханасы» ШЖҚ МКК, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК, «Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталық» ЖШС, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Арқалық перзентханасы» КМК, ҚР ДСМ «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК перзентханалары бар.
Сондай-ақ, науқастардың пікірі негізінде жасалған рейтинг бойынша 5 жұлдызға 17 облыстық перинаталды орталықтың 6-уы қол жеткізді.
Олардың қатарында: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Перинаталдық орталық» ШЖҚ МКК, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК, Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК, Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай перинаталдық орталығы» КМК, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК, Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» МКҚК бар.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.