Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді
Астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Екінші орында Қытай, үшінші орында АҚШ құрамалары тұр.
Айта кетейік, Н. Қызайбай (48 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Ләззат Күнгейбаева (81 келі) мен Дина Жоламан (54 келі) Қазақстан қоржынына Әлем чемпионатының алтын медальдарын салған болатын. Жайна Шекербекова мен Айжан Қожабекова жартылай финалда қарсыластарына жол беріп, қола медальді қанағат тұтты. Дегенмен Жайна Шекербекова, осы жетістігінің арқасында 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды.
Жіберіп аламңыз:
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”