Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанның Бішкектегі елшілігінің жанында тағы да митинг өтті

Қазақ дипломаттары митингке шыққандардың талабын ел билігіне жеткізуге уәде берді.

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі ғимаратының жанында бүгін митинг өтті, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Митингке шыққандардың бірі Тұрсынбек Акунның айтуынша, акцияға 70-80-ге жуық адам қатысты. Олармен елшілік өкілдері кездесті.

«Біз 5 қарашаға дейін шекарадағы проблеманы шешуді сұрадық. Олай болмаған жағдайда Қырғызстан үкіметінен ЕАЭО-дан шығу туралы мәселе көтеруді талап етеміз. Қазақ дипломаттары біздің талабымызды өз елдерінің билігіне жеткізуге уәде берді», — деп атап өтті Акун.

Митинг бір сағатқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы қарсылық акциясы 26 қазан күні Қазақстан елшілігінің жанында өткен болатын.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та педофилдердің төлқұжатына арнайы белгі қойыла бастады

iPhone Х телефоны үшін үш күн кезекте тұрған адамды жедел жәрдем алып кетті

Отандастары Лениннің мәйітін АҚШ-қа сатуды ұсынды

Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунты істемей қалды

STAN.KZ
Сенбі, 04 Қараша, 2017 08:35
Талқылау