Қазақстанға тұмаудың екінші толқыны қашан келеді
Қаңтар айының ортасынан бастап елімізде жедел тыныс жолдарының вирустық инфекциясы мен тұмау келеді, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.
“Жедел тыныс жолдарының вирустық инфекциясы мен тұмау ауруы қаңтар айының ортасынан бастап тарайды. Оған себеп – бұл кезде азаматтар шетелден оралып түрлі ауру белгілерін жұқтырып келеді. Бұл аурулар ауа арқылы тез жұғады”, – дейді Бекшин баспасөз баяндамасында.
Орталық коммуникация қызметінің мәліметінше, бас санитар суық тию, тұмау белгілері байқалған науқастардан көпшілік жүретін жерлерге бармауға, маска киіп жүруге кеңес берді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен