Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақы қорын тарату керек пе?

Қазақстандықтарға зейнетақы қорын беруге рұқсат ету керек пе деген мәселені Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қолдаған еді. Бұл мәселе төңірегінде тұрғындар мен сарапшылар да қызу талқылап жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

600_f7360aadc77a19add20799ffc3428672

Сурет: sabaqtar.kz 

Кейбіреулер қаражатты үй алуға, білім алуға не қарыздарын өтеуге беруі керек десе, енді бірі мұндай шетелдік тәжірибені енгізбеген дұрыс деп есептейді.

Ай сайын қазақстандықтар зейнетақы қорына жалақысының 10 пайызын аударып отырады. Әйелдерге қаражат 53 жастан, ерлерге 63 жастан беріледі. Ал, кей елдерде, мәселен Сингапур мен Малайзияда зейнетақы қорын алу үшін зейнетке шығуы тиіс емес.

«Мәселен, бір адамның қорында милионнан астам ақша жиналды делік. Алайда оның зейнетке шыққаннан кейін алатынына кепіл жоқ. Адам мәңгі өмір сүрмейді. Неліктен сондай жағдайда қаражаттың бір бөлігін оның балалары, немерелеріне қолдану қарастырылмаған. Ақшаның бәрі тағы да экономикаға кетеді», – дейдң халықаралық қатынастар және әлемдік экономика институтының директоры Әкімжан Арупов.

Эксперттің айтуынша, зейнетақы қорын бәріне бірдей емес, ауыр дертке қаражат қажет кезде, немесе банктегі несие қарызын төлеу керек болғанда дегендей жағдайларға алуға рұқсат ету керек. Ал экономист Айдар Алибаев бұған түбегейлі қарсылық танытады. Оның айтуынша, орта есеппен әр қазақстандықтың қорында 700 мың теңге бар. Бұл сома оның қартайғанға дейін жұмсауына жетпейді.

Негізінде елімізде қорында 8 миллионнан астам қаражат жиналған әйелдер мен 6 миллионннан астам ерлерге қаражатты алуы рұқсат бар. Алайда, онда жас мөлшері шектелген.

«Шындығында заң бойынша азаматтар зейнет жасына жетпей-ақ жинаған қорын ала алады. Ол үшін әйелдер 50, ерлер 55 жасқа толуы керек», – дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Келісім бойынша төлем ай сайын, тоқсан немесе жыл сайын жүзеге асады. Алушының қаражатты қандай мақсатта алатынында ешкімнің жұмысы болмайды. Шенеуніктер бұл жүйені енгізу не одан бас тартуды қарастырып жатыр.

Бұған дейін Ұлттық банк зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат етуі мүмкін екендігі хабарланған еді.

Талқылау