Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың банктегі есепшоты мен карталарына жаңа вирус тарап жатыр

Қазақстандықтардың банктегі есепшотына вирус тарап жатыр, деп хабарлайды КТК.

2466711

Қазақстандықтардың банктегі есепшотына жаңа вирус шабуылдап жатыр. Facebook желісін қолданушы әр адам банктегі ақшасынан айырылуы ғажап емес. Бірнеше күннің ішінде көптеген қазақстандықтардың компютеріне зиян келді. Олар түрлі сілтемелерді таратады. Оған кіруге болмайды. Сол арқылы банк карталарындағы ақша да қалмауы мүмкін.

«Сізде арнайы операциялық жүйені жаңарту браузері орнатылмаса, вирус кіре бастайды. Олар сізге жасанды сілтеме жіберіп, қандай да бір контентті алу үшін төлем картасының мәліметін жазуды сұрайды. Кейіннен бағдарламаны көшіруді сұрайды. Тіпті ешқандай мәлімет жазбасаңыз да, сіз пираттық жүйені қолданатын болсаңыз, жіберілген сілтемелерге өтуіңізге болмайды», – деді кибершабуылды зерттеу мен сараптау орталығының президенті Олжас Сатиев.

 

Талқылау