Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар желі арқылы Әулие Валентин күніне қарсылық білдірді

Әлеуметтік желі қолданушылары Әулие Валентин күнінің тойлануына қарсылық білдіріп жатыр.

1392456839_14fevralya

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббатын ұғынып, екеуінің атына күн белгілеуді ұсынған Дархан Мыңбай есімді ел ағасы. Оңтүстік өңірде аталған мерекені 1999 жылдан бастап атап өтіп келеді екен. Десе де, жалпы республика көлемінде тек соңғы бірнеше жылда тойланып жатыр. Арасында Әулие Валентин күнін асыға күтетін ғашықтар да бар. Олар  – көбінесе  ел аумағында тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері.

Жыл сайын Әулие Валентин мерекесінің қарсаңында, мектептер оны атап өтпеуге шақыратын түрлі шара ұйымдастырады. Оның тарихы түсіндіріліп, осы күнде бойжеткендердің некесіз бала көтеруі туралы статистикалық мәліметтер келтіріледі. Енді міне аталған қарсылық әлеуметтік желіде отыратын жастардың арасында да ұласқан-ды. Қазақ жастары “Мен Валентин күніне қарсымын! Сен ше?” деген жазуы бар түрлі картинаны бөлісіп жатыр.

16299320_1828921464041509_5513387257727945282_n

“Қыздар абыройынан айырылып, ішімдікке салынып, бұрыш-бұрышта тұрады. Өздері күйлеген иттерге ұқсайды. Кім не береді екен деп қазақ қыздары сорлының күйін кешті. Кім көрінгенге еліктеп жүр”, “Қайдағы жоқты айтпаңдаршы. Басқа жазарың болмаса үндемей-ақ қойшы. Осылай жазып, ол мерекеге жарнама жасаудың не керегі бар? Қойыңдаршы сол құрғырды”, “Ең алдымен, қазақ тілінің жағдайын дұрыстап алайық. Сосын сұрақ қоялық”, “Біз қарсы болғанымен, жастар оны тойлайды. Ол айдан анық”, “Мен толықтай қарсымын” деп жазады желі қолданушылары.

Аталған мерекені соңғы бірнеше жылда атап өтпейтін болды. Тек орыстілді басылымдар мен бағдарламалар қолдау көрсетеді. Кей компаниялардың өзі өнімдерін өткізу үшін ұйымдастыратын науқандары да бар. Ал сіз осы мерекені қолдайсыз ба?


Жіберіп алмаңыз:

12 млн қайда кетті: Дәрігер Жәнелдің отасының тегін жасалғанын мәлімдеді

Қазақстандық суретші 20 жылдан бері қыста жалаңаяқ жүріп жұртты таңғалдырды

Өгей ана туғаныңдай бола ма?

Мүгедек қария саусақтарының орнына сым байлап күй тартты (фото)

Талқылау