Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қанша күн демалады
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 4 күн демалады.

Елімізде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 4 күн қатарынан демалыс болады. Мерекеге екі күн демалыс беріледі. 16 желтоқсан жексенбіге келетіндіктен мерекелік күн 18-не ауысады. Сенбі әдеттегі демалыс күні ретінде қалады. Осылайша 15, 16, 17, 18 төрт күн қатарынан демалыс болады.
Ал, желтоқсан айында жалпы 13 күн демалыс болады. Жаңа жыл мерекесіне қарсы тағы 4 күн демалыс беріледі. Қазақстандықтар 29 желтоқсан сенбі күні жұмыс істеп, есесіне 30, 31, 1, 2 желтоқсанда демалады.
Тағы оқыңыз: 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы мәлімет
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді