Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді селфидің көмегімен несие рәсімдей алады

Қазақстандықтар енді бір ғана суреттің көмегімен несие алып, депозит аша алатын болды. Қазіргі кезде ресейлік банктерде селфи идентификациясы енгізіліп жатыр. Қазақстанда бұл жаңашылдық келесі жылы енгізілуі тиіс. Бұл туралы КТК хабарлайды.

56bd93ba04cf92acdf486aa8eb8e663f

“Қызмет көрсетудің бұл түрі біздің клиенттеріміз үшін қызықты. Бірінші кезекте сіз қаптаған құжатты өзіңізбен бірге алып жүру деген әуреден құтыласыз. Ең бастысы барлық талапты онлайн отырып-ақ орындай аласыз”, – дейді банктың маркетинг және коммуникация басқармасының директоры Олегжан Бекетаев.

Ақылды жүйе тіпті егіздердің өзін ажырата алады екен. Тәжірибелі хакерлердің өзі алдап кете алмайды. Жобаның пилоттық нұсқасы Ресейдің ең ірі төрт банкіне енгізілген.

“Біз бұл бағытқа бәрібір барамыз. Біздің әріптестер қазірдің өзінде бірқатар қадамдар жасап қойды”, – деді банктың басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

Ал киберқауіпсіздік бойынша сарапшылар, суреттерді әртүрлі жолмен өңдеу арқылы алаяқтықтың жаңа түрі пайда болуы мүмкін дейді.

“Қазірдің өзінде бір адамның бетін басқасымен ауыстыратын технология бар. Демек хакерлер суретті әлеуметтік желіден алып, банкке ұсына салуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде пин-код, құрия сөз, смс секілді қосымша шаралардың қабылданғанын қалаймын. Болмашы қолайсыздықтың кесірінен жаппай клиенттердің есепшотындағы ақшалар ұрлануы әбден мүмкін”, – дейді кибершабуылдарды зерттеу және сараптама жасау орталығының президенті Олжас Сатиев.

Оқи отырыңыз:

Халық банкі Қазкоммерцбанкті сатып алды

Елімізде жекешелендіру аясында 125,5 млрд. теңгеге 451 нысан сатылды

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Талқылау