Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар «7-20-25» бағдарламасы басталғалы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кеңсесін күзететін болды

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қызметкерлері мен штаттан тыс кеңесшілері кіретін мобильді топтар азаматтарға «7-20-25» бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарға шығатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар «7-20-25» бағдарламасы басталғалы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кеңсесін күзететін болды

Азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін құрылған алғашқы 8 топ Алматы қаласында құрылды. Сондай-ақ, жақын арада бұл бастамаға басқа да аймақтар қосылады.

«Аталған шешім банк филиалдарындағы адам санын азайту үшін қабылданып отыр. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған соң бөлімшелердегі клиент саны бірнеше есе артқан болатын. Астана мен Алматыда орналасқан ең ірі бөлімдер күніне 1500-1900 адамнан қабылдап жатыр. Банк менеджерінің қызметін алу үшін ең ұзақ кезекте елорда тұрғындары тұруға мәжбүр. Себебі жалпы кеңес беру мен 7-20-25 бағдарламасы бойынша өтінім қабылдаудан бөлек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің астаналық филиалдарында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 300-ден астам заем ресімделіп, беріліп жатыр. Бұдан бөлек «Өз үйім» бағдарламасы бойынша да 162 пәтер сатылуда»,-делінген банктің хабарламасында.

Сонымен қатар, банк қазіргі уақытта әскери қызметкерлермен белсенді жұмыс істеуде. Астанада бүгінгі күннің өзінде әскерилердің 3,5 мыңға жуық арнайы шоттарына қызмет көрсетілген.

Бірақ, көптен күткен жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталғалы қазақстандықтар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кеңсесін торауылдап, кезекте тұр. Банктің маңайын күзетуге мәжбүр болған азаматтарды көрген қаржы мекемесінің басшылы өз кезегінде бұл мәселені шешу үшін кұресіп жатқандарын айтты.

«Осындай жағдайдың орын алып, банк клиенттерінің уақытын кезекте тұруға жұмсап жатқандарына өкінішімізді білдіреміз. Бастапқы кезеңде бөлімшелерімізді штаттан тыс кеңесшілермен қосымша күшейттік. Салымшыларымыз банктің қазіргі жұмысының бізге хабарласқан әр клиенттің қажет ақпарат алып, мәселесін барынша жылдам және жайлы шешуге бағытталып жатқанын білуі керек», – деп түсіндіріп өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.

Сонымен қатар, Жұбаниязова қазіргі уақытта банктің бөлімшеге бармай-ақ кеңес алуға арналған түрлі құралдар мен әдістердің ұсынып отырғанын ерекше атап өтті.

Айта кетейік, клиент видео кеңес алу қызметінің көмегімен депозит және несие, жаңа келісім-шарт бекітуге қатысты кеңес алып, шот бойынша көшірме ресімдеп, постдепозиттік операциялар жүргізіп, анықтамалар ала алады. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі менеджері жаңа қызметтің көмегімен кеңес беруден бөлек сайтпен, «ЖССБ 24» интернет-банкингімен және Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталымен жұмыс жүргізуге көмектеседі.

Қызметті жұмыс күндері 9.00 мен 19.00 аралығында пайдалануға болады. Ал сенбі күндері оператор 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау