Қазақстандық зілтемірші Ниджат Рахимов әлем чемпионатында алтын медальді олжалады
Бүгін Хьюстондағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 77 келіге дейінгі салмақтағы сайыстар сенсациялық жаңалықтармен аяқталды.
Фавориттердің осал тұсын пайдаланып қалған Қазақстанның 22 жастағы өкілі қос сайыс қорытындысында 372 келі жинап, әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Солтүстік Кореядан күміс жүлдегер Хван Сон Ким біздің атлеттен салмақтылау болып шықты. Қола медаль мысырлық Юссеф Ахмет Махмуд Мохамед Ихабқа бұйырды.
Ауыр атлетика. Әлем Чемпионаты. Хьюстон (АҚШ), Ерлер. 77 келі.
- Ниджат Рахимов (Қазақстан) – 372 (165 + 207)
- Хван Сон Ким (КХДР) – 372 (171 + 201)
- Юссеф Ахмет Махмуд Мохамед Ихаб (Египет) – 363 (162 + 201).

"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"
