Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар жаңа эстафета бастап, аула сыпырудан жарысып жатыр

Қазақстандық жұлдыздар мен танымал адамдар “Таза аула” атты науқанға атсалысып, өзара бұрын-соңды болмаған эстафета бастады.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шілденің 23-і күні қазақстандық жұлдыздар арасында “Таза аула” атты жаңа эстафета басталды. Аталған эстафетаны “Аll давай” тобының әншісі Шоқан Маратұлы бастады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына дәлел ретінде сол күні түсірілген видеоны жүктеді. Мұнымен қатар, эстафетаға жұлдыздар ғана емес, өзге де танымал адамдар қатысатынын айтып өтті. Артынша эстафетаны “THS GROUP” құрылыс холдингінің иесі Құдайберген Қайратқа табыстады.

“Бүгін біз Медеу әкімшілігімен бірге “Таза аула” атты науқан бастадық. Бұл эстафетаны енді Құдайберген Қайратқа жолдаймыз. Медеу ауданының ауласын тазартып, оны ретке келтіріп жатқан кез келген тұрғынға ерекше ілтипатымызды білдіреміз”, – дейді Шоқан Маратұлы.

Бүгін біз Медеу әкімшілігімен бірге “Таза аула” атта акциясын бастадық. Бұл эстафетаның жалғасын біз @kudaibergen_kairat беріп отырмыз. Медеу ауданынының кез-келген ауласын тазартып, ретке келтіріп, тұрғындарға ілтипат көрсет ————————– Сегодня, вместе с акиматом Медеуского района мы запускаем эстафету Чистый Двор. И я передаю её дальше @kudaibergen_kairat – возьми любой двор в Медеуском районе и приведи его в порядок – сделай людям подарок😎👍🏼 #эстафетачистыйдвор #акиматмедеускогорайона #нуротанмедеускогорайона #акция @akimat_medeu

Видео опубликовано Солист группы Ал Давай!!! (@alldavay)

Әншілердің  қоғамдық жұмыстарға араласып жатқандарына желі қолданушылары қуанып қалды. Олар эстафетаның ұзақ уақыт бойы жалғасын тауып, үзілмеуін тіледі. Ал Құдайберген Қайрат өз кезегінде “Мен жекпе-жекке шығатын болдым” деп жазып, эстафетаны қабыл алғанын жеткізді.

Ал бұл эстафетаның қаншалықты ауқымды болатыны және жұлдыздардың қандай дәрежеде атсалысатыны әзірге белгісіз. Себебі, әзірге науқан Медеу ауданы аумағында жүргізіліп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар Алматыдағы атыста қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Қазақстандық жұлдыздар продюсер Әбдрайымовтың жаңа мейрамханасына айттап барды

Қазақстандық жұлдыздар: Кімнің жасы үлкен?

Қазақстандық жұлдыздар қандай көлік мінеді

Қазақстандық жұлдыздар өздерінің енелері туралы айтып берді

Талқылау