Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жігіт Ресейде қанды қырғын жасады

Брянск түбінде Қазақстаннан келген гастербайтер ер адамды пышақтап өлтіріп, куәгерлерді мәйітті жасыруға мәжбүрлеген.

Бұл туралы БрянскToday хабарлайды.

34 жастағы ер адам қылмысты Брянск облысындағы Фокино қаласында жасаған. Жергілікті тұрғынның денесі 2 мамыр күні таңертең табылған. Қылмыс туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Іс материал бойынша, зардап шегуші кешкі уақытта кафеде болған. Спирттік ішімдік ішкен соң келушілерге тиісе бастайды. Сол жерде цемент зауытында жұмыс істеу үшін барған екі қазақстандық жігіт те болыпты.

Олар бұзақыны жөнге салып, үйіне шығарып салмақшы болады. Жергілікті тұрғын оларды өз машинасымен алып кетпекші болады. Жолда ол екі жігітке тиіседі. Шыдамай кеткен 24 жастағы қазақ жігіті сыртқа шығып мәселені шешуді ұсынады. Сосын ол тұрғынды екі рет пышақпен ұрады. Сосын жолай куәгер болған адамдарға мәйітті орман ішіне жасыруды талап етеді.

Енді қазақстандық жігіт 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Екі жігіт тапа тал түсте шешесін сабап, қызын алып қашқан

Алматы әуежайында “өртенген ұшақ” жұрттың зәресін алды

Әйел туған қызын өртеп жібермек болған

Мүсінге шыққан сегіз жасар қыз бала құлап, ажал құшты

STAN.KZ
Сенбі, 30 Қыркүйек, 2017 17:54
Талқылау