Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас ғалым Стивен Хокингпен кездесті

Церебралды сал ауруына шалдыққан қазақстандық 15 жастағы Исаак Мустопуло әйгілі физика, профессор Стивен Хокингпен Лондонда кездесті.

Бұл туралы “Эйр Астана” әуе компаниясының Фейсбуктегі парақшасы жазған.

“Исаактың арманының орындалуына Қазақстандағы Британдық Кеңес, “Эйр Астана” әуе компаниясы және Астана қаласының әкімі Асет Исекешев көмектесті”, – делінген хабарлама мәтінінде.

Исаак технологиялық дамулар бойынша Британ кеңесі және ұлттық агенттік ұйымдастырған мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы STEM инновациялық конкурсында лауреат атанған еді. Жас ғалым ғарыштық аппараттарға арналған электр энергиясын өндіру бойынша “Гармония теориясы” деп аталатын бейнеролигін ұсынды. Роликте Исаак өзінің кумирі Хокингпен кездескісі келетінін айтады.

“Мені Стивен Хокингтің ғылыми зерттеулері және оның ғылымға қосқан үлесі шабыттандырады. Адамның физикалық жағдайына қарамастан өзі армандаған биікке жете алатынын мен Хокинг туралы білген соң түсіндім. Конкурс туралы естіген кезде мен қатты қатысқым келді, себебі бұл жер менің мүмкіндіктерімді дәлелдейді”, – дейді жас ғалым.

Исаак Лондонға барған сапарында Хокингпен кездесуден бөлек, Лондон ғылым музейі мен Кембридж университетіне де барған.

Бұған дейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев кішкентайынан церебралды сал ауруына шалдыққан тараздық бала Исаак Мустопулоның ерік-жігері мен ақыл-ойына таңқалған болатын.

Оқи отырыңыз:

Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден беріледі

Петропавлда зират басындағы гүлдерді ұрлап сатумен айналысқан саудагер ұсталды

Петропавлда бір ғасыр бұрын бой көтерген үйді паналап келген тұрғындар қоныс тойын тойлауда

Алматыда бензиннің 10 күндік қана қоры қалды

Талқылау