Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстандық ватерполшылар Азиада ойындарында қатарынан үшінші рет чемпион атанды
Индонезияда өтіп жатқан Азиада ойындарында Қазақстанның су добы бойынша командасы ақтық кезеңде алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық ватерполшылар ақтық кезеңде жапониялық командамен кездесті. Тартысты ойын 8:7 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.
Қазақстандық команда сапындағы Михаил Рудай мен Евгений Медведев мергендік танытты. Олар үш және екі доптан соқты.

Айта кетсек, су добынан ерлер командасы Қазақстан қоржынына он бесінші алтынды алып келді.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық команда Азиада ойындарында ватерпол бойынша қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп отыр.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған