Қазақстандық тоқалдар өздерінің егде жастағы күйеулерін қалай “пайдаланатынын” айтып берді

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 14:43

Өзінен әлдеқайда ересек еркекпен құшақтасып, жұп құраған өрімдей жас қыздарды жиі кезіктіреміз. Бастапқыда әкесі немесе ағасы шығар деп ойлағанмен, олардың әрекеттеріне қарап қарым-қатынастары мүлде басқаша бағытта екенін аңғару қиын емес.

dvoezhenec_96550600-677x316_c

Бұл туралы “NewTimes.kz” хабарлайды.

Үлкен кісілерге тоқал болып тиіп, бар жағдаймен қамтамасыз етілген “жас келіншектер” өздерінің бастан өткен жағдайларымен бөлісті.

21 жастағы Мәдинаны аталған байланысты бала кездегі назардың жеткіліксіздігімен байланыстырады. Ол мұндай “қалыпты емес” қатынастан ерсі ештеңе көріп тұрғаным жоқ дейді.

“17 жасымда-ақ мен өзімнен жасы үлкен ер адамдарды ұнатып, солармен кездескім келе бастады. Мен әкесіз өскендіктен, маған ересек ер адамның махаббаты жетіспеді. Мені өзімнен біраз жас үлкен ер адам қорғап, қамқор болса дейтінмін. Анам да басқа адаммен бірге тұратындықтан, мен өзімді бөтен сезіндім”, – дейді ол.

“Мен онымен клубта кездестім. Ол кезде жасым 19-да, ал ол менен 25 жасқа үлкен еді. Семейде ірі бизнесмен болғандықтан, оны бәрі таниды әрі ол барлық қалаға жиі сапарға шығып, тыным таппайды. Онымен кездескенімізге 2 жылдай болды. Ол өз әйелін сүймейді. Алайда әйелі мен туралы білмейді. ол өз-өзін күтіп, үнемі спортзалға барып жаттығады. Біз тек жәй төсектес ғана емес, адам ретінде де өте керемет араласамыз. Ол болса өз әйелінен әбден шаршаған, ұнатпайды. Мен оған үнемі қолдау білдіріп, біз түрлі тақырыпта ой бөлісеміз. Бірақ мен оның өз отбасынан кеткенін қаламаймын, өйткені екі ұлы бар”, – дейді бойжеткен.

“Менің де құрбым әйелі бар еркекпен кездесіп жүр. Әбден қажығанша жұмыс істеп не қажеті бар? Біздің міндетіміз – әрқашан әдемі болу. Тек 8 наурыз бен Жаңа Жыл кезінде ол әйелімен бірге болады. Есесіне 7 наурыз бен 30 желтоқсан күн біз бірге боламыз. Өзінің туған күнін де ол достарымен және менімен бірге атап өтеді. Ол мен үшін 2 бөлмелі пәтер жалдап, Lexus G­S 350 сатып алып берді. Мен үнемі әдемі болып, өзімді күтуім қажет. Ал шығындарымның өзіне бір айда 150 мыңдай кетеді. Әрине, шығынның бәрін ол өзі көтереді. Әйеліне қарапайым әшекейлер, ал маған бриллиант сыйлайды. Мен өзім қандай қаласам, сондай киім сатып аламын, құрбылармен қыдырамын”, – дейді тағы бір әңгімеге араласқан қыз.

Ал болашақ туралы әңгіме қозғалғанда, қыздар, “егер оған ұл туып берсек” мұқтаждықсыз өмір сүреміз дейді.

“Кез-келген қыз өзінің ләззаты үшін өмір сүргісі келеді. Бұл ойыма бәрі келіседі деп ойлаймын. Ол үнемі менімен келіседі және ешқашан көзге келген емеспіз. Оның әйелімен қалай сөйлесетінін де білемін. Оның әйелін тастап кеткенін қаламаймын. Махаббат – бұл басты нәрсе емес. Тек ер адамды лайықты пайдалана білу қажет. Егер кім олай істемесе, ол нағыз ақымақ”, – деп қосып қойды қыз.

25 жастағы Әсел де, екінші қатардағы әйел рөлі қалай бұйырғанын айтып берді.

“23 жасыма дейін мен пәк болдым. Қарағандыдан Астанаға келген кезде маған ақша жетпейтін. Мен өзімді қамтамасыз ететін біреуді іздей бастадым. Астанада достарым да, құрбыларым да болмады. Мен бір компанияға келіссөзге барған кезде, оған ұнағанымды бірден сездім. Нәтижесінде мені жетекшінің ассистенті етіп жұмысқа алды. Көп өтпей-ақ, мен оған пәктігімді сыйладым. Мен онымен үнемі біргемін. Қазақстанды да, әлемді де бірге аралаймыз. Алғашқы күннен-ақ қандай қадамға бара жатқанымды сездім. Оның әйелі мен үш баласы бар. Бірақ, ол мені сүйгендіктен, маған пәтер мен көлік сатып алып берді. Ол басқа біреуге кеткен күнде де мен ештеңеден ұтылмаймын. Бірақ, кетеді деп ойламаймын. Мен одан балалы болғым келеді. Осындайға да жеткізген негізі әйелдерінің өзі кінәлі”, – дейді Әсел.

Тағы бір тоқал Айзаданың жасы 22-де. Ал сүйіктісінің жасы 48-ге толған.

“Мен өзіммен қатарлас немесе бір-екі жас ғана үлкен жігітке тұрмысқа шыққым келетін. Алайда қазір лайықты жігіттер жоқ. Мен ондай жігітпен бірге 5 жыл тұрып та көрдім. Бірақ кейін оның жалқаулығынан шаршап кеттім”, – дейді Айзада.

“Ұлымның әкесімен Louis Vuitton дүкенінде таныстым. Мұндай жерге бай еркектер жиі келетіндіктен, әдейі осы жерге жұмысқа орналастым. Бір күні мен күткен ер адам да келді. Ол келіншегіне сөмке таңдап жүр екен, мен таңдауға көмектестім. Оған сөмке қатты ұнады. Мен оны тағы да көргім келді. Екі аптадан соң келіп, өзіне белдік іздейтінін айтты. Таңдап болған соң, киіну бөлмесіне шақырып, жарасып тұрғанын сұрады. Осыдан соң-ақ арамызды сезім пайда болып, кездесе бастадық. 3 айдан соң мен жүкті болып, оған ұл туып бердім. Қазір екінші пәтерінде тұрамын. Ол күнде келіп, жағдайымызды біліп, бізбен уақыт өткізеді. Әйелі де мен туралы біледі. Оның тарапынан ешқандай дау, ұрыс болмады. Ол ұл туа алмаған. Мен ұл босанған соң ол менен ешқашан кете алмайды”, – дейді екінші қыз.

Әрбір “екінші әйел” өздерінің бұл қадамы өте орынды деп санайды. Олар қиналып күн кешкенше, осы дұрыс дейді. Бірақ, бәрібір жүрек түкпірінде олар “бірінші” болғылары келеді. Бірақ, өмір көрсетіп отырғандай, ондай жағдай өте сирек кездеседі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Anonymous says:

    Мен де солай ойлаймын

  • Anonymous says:

    Бурынгы аталарымыз да малды болгандыктан токал алган. Тіпті бірнеше токалдары да бар болган. сол кыздар да осындай жокшылык корген отбасынан шыккан. Оларда токал болып бара жатканын білді гой…

  • Анонимно says:

    Дурыс емес.биреудин жануясын бущып бакытты болуга болмайды.Бала мен ананын коз жасы бар ғой

  • Анонимно says:

    Біреудің жанұясын бұзып бақытты боламын деп ойлайсыңдарма? ондай нарсеге намысы жок, арсыз, ұятсыз қыздар гана барады. Қазір осындай кыздардың кесірінен еркектер құтырып өзінің кыздарымен жасты кыздарға қырыңдап көз салып , көп жанұянын шырқы бұзылып, қыздардың қадірі кеткен.

  • Анонимно says:

    Қыздар ойларын дурыс шығар бірақ бірінші әйелін сүймейді деген қате пікір мумкин ол сол әйелімен осындай жетістікке жеткен шығар,қанша дегенмен алғашқынын аты алғашқы

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар