Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев құны 80 мың доллар болатын көлігін көрсетіп мақтанды (фото)

Әнші Сәкен Майғазиев қымбат көлікті жеңілдікпен алғанын айтып мақтанды. Ал спортшы Қуат Хамитов тек көлемді көліктерді тізгіндейтінін сөз етті.

мааа

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

Сәкен Майғазиев жол талғамайтын Lexus Invader көлігін мінеді екен. Аталған көліктің құны 80 мың АҚШ долларын құрайды. Алайда әншінің өзі оны жеңілдікпен сатып алғанын айтып жатыр.

“Маған бұл көлікті 50 мың АҚШ долларына сатты. Қателеспесем, өзі 70-80 мың тұруы тиіс. Түнде көлікке отырып алып ән шырқап жүргенді жақсы көремін. Көлік жүргізген де ұнайды. Бірақ, өмірімнің 90%-ында мен көмекшілеріммен бірге жүремін”, – дейді Сәкен Майғазиев.

пиа

Осы уақытқа дейін әнші сегіз бірдей көлік жаңартып үлгерген. Көлігі айтарлықтай қымбат болғанымен, өзгелер секілді ерекше нөмір сатып алмаған екен.

“Мен көлік жүргізуді ғана білемін. Қалған жұмыстардың барлығын інілерім реттеп отырады. Қалта телефонымның өзін ұлым “Әкем, телефоныңызды жаңарту керек қой деймін” деп айтпайынша жүре беремін”, – дейді әнші.

пирпе

Музарт тобының кенжесі Кенжебек Жанәбілов Tayota Camry көлігін мінгенді ұнатады екен. Ал ережесіз жекпе-жек чемпионы Қуат Хамитовтың Жапонияның Infinity көлігін тізгіндегеніне биыл үшінші жыл толып отыр. Спортшы көлігін жиі ауыстырмаса да, оны ерекше күтіп, тазалығына мән береді екен.

пеак

“Ауылда, қалада және тауда еркін жүретін, көлемі үлкен тұлпарлар ұнайды. Екі ағайынды мықты спортшылар бар. Солар дүниеге келген Стоктон қаласында жекпе-жек басталарда жұрт “209” деп айқайлап жүреді. Осы екі ағайындының құрметіне көлігіме 209 нөмірін арнайы алдым. Жалпы қатты жүріп, жол ережесін бұзғанды көп ұната бермеймін. Достарым “Шал секілді асықпай жүресің” деп әзілдейді”, – дейді Қуат Хамитов.


Жіберіп алмаңыз:

Исабекова «Рингодағы» Батырды шын сүйетінін айтты

Мақпал Исабекова өзін Ким Кардашьянмен салыстырғандарға жауап берді

Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі: Ұлымды сынаған елге түкіргенім бар

Тәуекелдің елден жасырып жүрген сүйіктісі кім

Талқылау