Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал актрисалар Томирис ханшайымның рөліне таласып жатыр

«Томирис» тарихи фильмінің тобы бірнеше ай бойы басты және қосалқы рөлдерге аткерлар іздеген болатын. Кастинг бүкіл республика бойынша ағымдағы жылдың мамырынан бастап қыркүйек айына дейін жалғасты.

Бұл туралы brod.kz басылымы хабарлайды.

Нәтижесінде, сақ патшайымы Томиристің рөліне отандық 20 актриса үміткер болуда, оның ішінде Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Бибігүл Сүйіншалина және Аружан Жазылбекова да бар.

«Фильм кейіпкерлерін барлық жерден іздедік. Кастингке барлығы 10 мыңға жуық қазақстандықтар қатысты. Томирис рөліне тек Қазақстаннан ғана емес, Ресей актрисаларын да қарастырдық. Алайда, шетелдіктер өтпеді. Кастингтің барлық жұмысына екі айдай уақыт кетті. Біз назар аударатын басты мәселе – актерлік ойыннан бөлек, ішкі дүние мен физикалық дайындық. Әрине, біз жүзі ақ қыздарды іздеп жатырмыз. Ал шашты бояуға, көздің түсін линзаның көмегімен өзгертуге болады. Сондықтан, басты назарды ерекше дарындылық пен ішкі жігерге аударып жатырмыз. Қазіргі таңда 20 актриса таңдалды, олар ойнамалы сыннан өтіп жатыр»,-дейді кастинг-директор Жайна Әбдиева.

Кастингтің соңғы кезеңі 30 қыркүйек күні өтеді және қазан айының басында сақ патшайымының рөлін кімнің сомдайтыны белгілі болмақ.  Ал ер адамдардың рөліне Мұрат Бисенбин, Еркебұлан Дайыров және Азамат Сатыбалды сынды тәжірибелі актерлар сыналып жатыр.

«Томирис» тарихи фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» мен Sataifilmкомпаниясының негізінде өндірілуде. Жобаның бас продюсері – Әлия Назарбаева. Режиссері – Ақан Сатаев.

Айта кету керек, қосалқы және эпизодтық рөлдерге арналған кастинг әлі де жалғасуда. Актерларды байқау «Қазақфильм» киностудиясында өтіп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек балконға Қазақстанның туын іліп қойды

Ділназ Ахмадиева: Ұйғыр деп бетіме басқан кезде реніштен жылап жібердім

Ташкентке сапарлаған Мақпал Жүнісова өзбек ағайындарды таңдай қақтырды (видео)

Қазақ киносындағы тарихи күн: Ақан Сатаевтың фильмі әлемдік прокатқа шығатын болды

Талқылау