Қазақстандық танымал адамдар сүйіктілеріне ұсынысты қалай жасаған

Жұма, 15 Сәуір , 2016 13:57

Өнер адамдары жүрегінің сазды әуеніне құлақ асып, өмірлік серіктеріне түрліше ұсыныс білдірген екен. Бірі терезесінің алдында тұрып серенада айтса, енді бірі жүрек сезімін телефон арқылы жеткізген.

12424537_770062859806989_65974746_n

Фото: instagram.com/dastanello/?hl=ru

Адам баласының жүрегі сазды әуені бар аспап секілді. Ол би билеп, ән шырқау үшін, оттай маздап жану үшін ұйықтап жатады. Ал оны ояту үшін жүректі қарып өтер шынайы махаббат керек. Адам осы сезімді сезінбесе, жүрегінде қандай әуен барын білмек емес. Өнер адамдары осы аспаптарының сазды әуеніне құлақ асып, өмірлік серіктеріне түрліше ұсыныс білдірген екен. Бірі терезесінің алдында тұрып серенада айтса, енді бірі жүрек сезімін телефон арқылы жеткізген.

Дастан Оразбеков жары Жанатты мерекелік отырыста жолықтырған. Оларды ортақ достары таныстырған екен. Әнші бойжеткенді бірден ұнатып, артынша үйіне дейін шығарып салады. Осылай көңіл жарастырып жүрген кезде, екі айдан соң Дастан Мәскеуге кетуге мәжбүр болады. Бір жыл бойы қашықтықта хат алмасып жүреді. “Мен Алматыға келген соң екеуіміз қыз-жігіт болып жүре бастадық. Оған отбасының уақыт өте келе өздігінен құрылатынын айттым. Бірақ Жанат бұл пікіріммен келіспей, ұсыныс жасауым керектігін айтты. Таңғы сағат бесте терезесінің алдына барып серенада айтқаным есімде. Ол ұйықтап жатқандықтан, қоңырау шалып ояттым. Кейін терезенің тұсына келген соң оған ұсыныс жасадым”, – дейді әнші сұхбаттарының бірінде.

image

Фото: instagram.com/erkin_nurjan/?hl=ru

Арасында 14 жас айырмашылығы бар, бір кездері ағалы-қарындас болып араласқан  жұбайлардың махаббат хикаясы ерекше. Өйткені Еркін Нұржан сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсынысты телефонмен жасап қана қоймай, кәмелет жасқа толмаған ғашығын ата-анасының рұқсатынсыз алып қашқан.

“Ұсынысты Ақтөбе қаласында гастрөлдік сапарда жүрген кезде телефонмен жасадым. Хабарласып “Сен шынымен сенімдісің бе?” деп сұрадым. Бұл кісі “Иә, сенімдімін” деп жауап қайырды. Онда осы күні Алматыға барып қонамын, айғырым дайын тұр, отырамыз да Шымкентке тартамыз” деп әттең-ай деген ағайын-туыстың сөзі мойнында қалсын деп әнші нар-тәуекелге бел буып, қызды алып қашқанын айтты.

12599406_1556656121330892_1166642387_n

Фото: instagram.com/kydyrali_bolman/?hl=ru

Қыдырәлі Болманов өзінің өмірлік жары Қарақат Әбілдинаны тойлардың бірінде жолықтырған. Бірден ұнатып, қандай жағдай болмасын Қарақатқа үйленемін деп шешім қабылдаған.

“Алматыға келгенде Көкөбеге көтерілгіміз келіп тұрады. Оның себебі де жоқ емес. Сол кездегі жігітім, қазіргі өмірлік серігім Қыдекеңмен өткізген “Махаббат қызық мол жылдарым” дәл осы төбемен тығыз байланысты. Тир атып мергендігімен ұтып алып маған сыйлаған естен кетпес алғашқы сыйлығы болса, шын ұнататынын, ғашық екенін осы Көк-төбеде білдім. Үйленейік деген тілегін айту үшін де осы жерге шақырған”, – дейді Қарақат Әбілдина.

pogudx5ul6c1sajv9

Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva/?hl=ru

Әнші Кәмшат Жолдыбаеваны халық Серік Ибрагимов, Кентал, Берік Айтжанов, Бүркітпен қосқан-ды. Десе де, әнші бұл жігіттермен достықтан артық қарым-қатынасы жоқ екенін айтады. Бір қызығы, Кентал продюсер Эрик Тастамбеков пен әнші Санданың көзінше Кәмшат Жолдыбаеваға ұсыныс жасаған. Араларында не болғаны белгісіз, екеуі де мұны қалжыңға балады.

11410581_1649645145254560_654305755_n

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/?hl=ru

Мәдина Сәдуақасоваға жолдасы Олжас Смағұлов классикалық әдіспен ұсыныс жасаған. Яғни, гүл, торт, неке жүзігі. Режиссер әншіні мейрамханаға шақырып, айфон телефонын сыйлаған. Артынша бетінде “Мәдина, менің жарым болшы” деген тілегі жазылған торт тарту еткен. Олжас ұсынысты әншінің туған күнінде жасап, тойды өзінің туған күнінде өткізген.

10683961_636397723159580_382867314_n

Фото: instagram.com/berkut_kazakhstan/?hl=ru

Айша қыз Бүркітті бір емес, екі жыл қатарынан жүгірткен. Екеуі ортақ достары арқылы мерекелік отырыстардың бірінде танысқан. Бүркіт бір көргеннен ғашық болып екі жыл бойы гүл шоқтарын жіберіп жүрген. “Бір жылдан кейін сақина алып келіп, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасадым. Ол келіспейтіндігін айтса да, жүзікті қайтармады. Арада бір жыл өткен соң тағы да ұсыныс жасадым. Бұл жолы да келіспеген соң, бір аптаға шетелге кетіп қалдым. Ендігі ұсыныс Айшадан болды. Мен бір апта ойландым”, – дейді Бүркіт. Қос ғашықтың дәл қазір екі ұлы бар. Отбасымен бірге Солтүстік Африкада демалып жатыр.

rinattttt

Фото: myhit.kz

Ринат Зайтовтың жарына айтыскер ақынның өзі де, ата-енесі де риза. Әлі күнге дейін Зайытовтың ата-анасы балаларына дұрыс таңдау жасағанын айтатын көрінеді. “Менің ұстазымның шешесі бар еді. Бихан апамыз ауылға келіп тұратын. Үйіне барып амандасып қайтамыз. Ол кезде Сара, Қарлығаш бәріміз араласып жүрміз. Зүлфия да келіп жүреді. Біреуі үй жинайды, енді бірі тамақ жасап, жүн түтеді. Анығын айтқанда Зүлфия жүн түтеді. Бір күні апама “Қыздар көп қой. Қайсысына үйленгенім дұрыс?” дедім. Ол кісі жүн түткен бойжеткенді жөн көрді”, – деп Ринат Зайытов ананың сөзін құп көріп, көп ойланбастан жүрегін жүн түткен қызға ұсынды. Таңғы бес-алты шамасында қолына гүл алып Зүлфияның үйіне барған. Үйден бірінші қыздың әкесі шыққан. “Сен маған тұрмысқа шығасың ба, жоқ па?” деген ұсынысқа бойжеткен келісімін берген.

Естеріңізге сала кетсек, Рано Омароваға сүйіктісінің тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Жұптарыңыз жазылмасын, Махаббаттарыңыз мөлдір болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар