Қазақстандық студент бүкіл әлем ғалымдарына көмектесетін пираттық сайт ашты

Сенбі, 13 Ақпан , 2016 13:23

Ғылыми жұмыспен бел шешіп айналысу қыруар қаржыны талап етеді. Жуырда 15 мыңға жуық ғалым ғылыми жұмыстарды қисапсыз ақшаға сататын Elsevier баспасына байкот жариялауға шақырған еді.

news1455257382

Баспаның тапқан пайдасы миллиард доллардан асқан. Ал ғалымдар жарияланған мақалалары үшін ешқандай ақы алмаған. Тіпті өздерінің жұмыстарын пайдалануға да мүмкіндіктері болмаған. Cognition журналына шығару үшін, ғалымдар 2000 доллардан астам ақша төлеулері тиіс болған.

Ал ғалымдарға өздерінің іздеген мәліметін табу үшін, сан-саланы кезіп ақтаруына тура келеді. Олар әріптестерімен бірігіп, қажетті ақпараттар алмасу үшін арнайы форум құрған. Ол үшін твиттерде #icanhazpdf атауымен арнаулы хештег те ашылыпты.

Қазақстандағы ұлттық техникалық университетте оқыған Александр Элбакян де қымбат мақалаларды сатып алуға мүмкіндігі де болмағандықтан, оны да осы сұрақ мазалаған. Сосын ол осымен күресуге бел буған. 2011 жылы Элбакян Sci-Hub атты сайт құрған. Сайт жіберілген сұралымның өзге сайт базасында бар-жоғын тексереді. Егер жоқ болса, онда қолжетімділік мүмкіндігі артады. Ақпаратты алу мүмкіндігі университет базасына тіркелген ғалымдарға беріледі. Алғаш рет тыйым салынған мақала LibGen базасына жіберіледі. Ал келесі сұралымда оны Sci-Hub сайты өзіне аудара алуы мүмкін.

2015 жылдың қараша айында Нью-Йорк сотында sci-hub.org доменін қайтарып алуға қатысты қаулы шығарды. LibGen домені де қайтарылды. Elsevier сотты Sci-Hub-тің күніне бірнеше мың жұмысты жүктеп алатынына сендірген. Сонымен бірге сайттың жүктелген жұмыстары барлығы тәуелсіз болып есептеледі. Оларға тек бір реттік құжат алу керек.

Elsevier өздерінің шығынын 750-150 000 деп есептеген. Бұл әрбір жүктелген жұмыстың бағасы. Ал барлығын қосқанда бірнеше миллиард долларға жетеді. Sci-Hub және LibGen серверлері Ресей мен Нидерландыда орналасқан. Бірақ, сайттар басқа домендермен жұмыс істеп жатыр.

Александр Элбакян ақпараттардың орналасу еркіндігі үшін жұмыс жасауда. Ол америка сотына жазған хатында Elsevier баспасының іс-әрекетіне қатысты сын білдірген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар