Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы 30 секундта қарсыласының аяғын аспаннан келтіріп жеңіске жетті (видео)

Комбат джиу-джитсу спортынан өткен әлем чемпионатының финалында қазақстандық Ерлан Тілеуімбетов қарсыласын жарты минуттың ішінде жеңіп тастады.

Безымянный

Бұл туралы Қазақстан джиу-джитсу ассоциациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жарыс Хорватияның Сплит қаласында өтті. Әлемдік додаға дүниежүзінің 30 мемлекетінен спортшылар қатысқан. Бұл додада Қазақстанның намысын Ерлан Тілеуімбетов, Темірлан Айсәділов, Шыңғыс Парымбеков және Әлішер Үмітбековтер қорғады.

Ел қоржынына алғашқы алтынды 70 келіге дейін сынға түскен алматылық Темірлан Айсәділов сыйлады. Одан кейін үш отандасымыз да жеңіс тұғырына көтерілді. Ерлан Тілеуімбетов жәй жеңіске жетіп қана қоймай, әлемнің бес дүркін чемпионы деген атаққа да қол жеткізіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Головкин: Альварес қорқуды білмейтін жауынгер

“Барселона” шабуылшысы Неймар алаңда төбелес шығарды (видео)

Твумаси мен Кабананга «Астанамен» келісімшарттарын ұзартты

Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді

Талқылау