Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шоу-бизнесте шағала қыздардың бары рас па?

Шоу-бизнестің аты жұмсақ көрінгенімен, заты қатты. Әсіресе, сұлу қыздарға қиын деседі. Олардың шоу бизнеске кіруі де, осында жүруі де ақша. Ал ақшасы болмаса, продюсерлер оларды ашық-шашық киіндіруге мәжбүр.

10832177_327439600781077_1302699207_n

Бұл туралы КТК арнасының Instaлайық бағдарламасында айтылды.

Тәнін көрсеткен қыздар үшін қалталы ағалар жанын беруге дайын деген қауесет бар. Бұл қаншалықты рас? Сауалымызға жұлдыздардың өзі жауап беріп көрсін. “Арнау тобында жұмыс істеп жүргеніме алты жыл болыпты. Бәлкім қасымда Нұржан жұмыс істегендіктен болар, мұндай ұсыныс түскен емес. Оны өз көзіммен көрмегендіктен, бар деп айта алмаймын. Бірақ, әрине, сондай ақша үшін болып жатыр екен дегенді естідім”, – дейді Салтанат Бақаева.

Ал Сиви Махмұди әншілердің продюсерлеріне наразылық білдірді. Олардың бұл әрекетін надандыққа балады. “Мұндай нәрсені нақты бөліп-жарып айта алмаймын. Көзімше мені ешкімге сатпаған. Мен де сатпадым. Қыз баласын қалай сатуға болады? Дардай үлкен кісілерге бұл ұят емес пе?”, – дейді ол.

Шоу бизнестің қайнап жатқан қазанында бұрыннан жүрген сылқымдар нақты жауаптан қашуға тырысты. Ал мына жас топ әзірге сыр сақтауды білмейді екен. “Әрине, біздің шоу бизнесте шағала қыздар жетіп жатыр”, – дейді Nuri тобының әншісі. Шағала қыздарға арналған туынды Қайрат Нұртастың репертуарында да бар. “Ойын түбі өкініш” дейді Қайрош отпен ойнаған қыздарға. Ал қыздардың ойынша, бұл үрдіске продюсерер мен қалталы ағалардың өздері кінәлі.


Жіберіп алмаңыз:

Тәуекел Мүсілім Қытайға барып “үйленді” (видео)

Нұртас Адамбай: Отанымыз бізді керек етпесе, бақытымызды шетелден іздейміз

Қайрат Нұртастың анасы телеэфир тізгінін ұстады

Әнші Ренат Басит қызтекелердің кесірінен желідегі парақшасын өшіріп тастамақ

Талқылау