Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шенеуніктер 12 айлық жалақы көлемінде бонус алатын болды

ҚР Ұлттық экономика министрі Мәдина Әбілқасымова шенеуніктерге берілетін бонус көлемі туралы айтты.

fb6ceaab9f8c52acae2f63e5dc08a509_L

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

“Мемлекеттік қызметкерлерге бонустар төленеді. Ол әрбір мемлекетік қызметкердің атқарған жұмысының нәтижесіне байланысты болмақ. Бұған саяси мемлекеттік қызметкерлерді де қосамыз. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте қызметкердің нәтижелілігін бағалайтын жүйе бар. Онда А, Б корпустары және саяси мемлекеттік қызметкерлер бөлек бағаланады. Бағалау бірнеше аспекті бойынша жүзеге аспақ: орындаушылық, еңбек тәртібі, ең бастысы – нәтижеге жете білуі. Бағалау кезінде – қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, нәтижелі және керемет деп баға қойылады.

Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметкерлерге берілетін сыйақы 2-12 айлық жалақы көрсеткіш аралығында болмақ.

Мысалы, Астана әкімі Әсет Исекешевтің жалақысы – 953 260 теңге. Демек, қала басшысы 1,9-11,4 млн теңге аралығында сыйақыға ие болады. Алайда Әбілқасымова айтып өткендей, сыйақы төленер кезінде бюджеттің мүмкіншілігі де ескерілмек.

“Қазір жоба жасалды, бірақ бекітілген жоқ. Бірақ біз бонус көлемі 2-12 айлық жалақы көлемінде болады деп отырмыз. Бұл әлемдік тәжірибе. Бұл мәселе мұқият қаралып, бюджет мүмкіншілігі нәтижесінде іске аспақ”, – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2017 жылдың ортасында қазақстандық шенеуніктерге мерекелік және тоқсандық сыйақылардың берілмейтінін жариялаған. Оны қызмет нәтижесіне сәйкес бағаланатын бонустар алмастырмақ.

Оқи отырыңыз:

Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды

Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс

Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті

Мұғалімдер тағы да міндетіне жатпайтын жұмыстарға “жегілмек”

Талқылау